Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар



Ст. 34 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576




1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткiзедi.  

2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды осы қордың кастодианы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.  

3. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе  одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.  

4. Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда осы Заңның және қор ережесiнiң талаптарына сәйкес қор активтерiн өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге мiндеттi.

Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді. 

5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiн бақылау үшiн өз өкiлiн жiберуге құқылы.

 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576