Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
35-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату



Ст. 35 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576




1. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде:  

1) пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға қоp кредиторларына және қор активтерiмен жасалған мәмiлелерi орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқаны, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртiбi туралы хабарлама жеткiзуге;  

2) пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi мәмiлелердi тiркеудiң тоқтатылған күнiн көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi есептiк шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшiн тiркеушiге талап жiберуге мiндеттi.

Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату және мәмiлелердi тiркеудi тоқтату туралы ақпарат аталған тұлғаларға қор ережесiнде айқындалған шарттар мен тәртiпте жеткiзiледi.

Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы оларға хабарланған күннен бастап бiр айдан кем болмауға тиiс.  

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуiнен тоқтатылған кезде басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап он күннен кешiктiрмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға мiндеттi.  

3. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының ол жұмыс iстеп тұрған кезеңде төленген, бiрақ жеткiзiлмеген (қордың меншiгi ретiнде тiркелмеген) активтерiн алу жөнiнде шаралар қолданады.  

4. Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейiн қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың төленген, бiрақ жеткiзiлмеген активтерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi қарау нәтижелерi мен одан кейiнгi әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкiлеттi органға жiбередi.

 Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 35-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576