Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инвестициялық қорлар туралы
37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы



Ст. 37 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Акционерлік (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.

2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi:

1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi;

2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды.

Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) оны тәуелсiз бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс.

3. Акционерлік және инвестициялық пай қорларының құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.

4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.

Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құрылуға тиiс.

5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс.

6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:

1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;

2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;

3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi;

4) мемлекеттiк бағалы қағаздарды және Қазақстан Республикасы   қаржы агенттiктерiніңагенттiк облигацияларын қоспағанда, олардың жалпы санының он бестен асатын пайызы мөлшерiндегі бiр заңды тұлғаның бiр түрдегi қаржы құралдары болмауға тиiс.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.

7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.

Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

8. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi мен басқарушы компанияның өз активтерiнің қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.

9. Бiр тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтерi есебiнен инвестициялардың жинақталған мөлшерi:

1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлiк қоры үшiн таза активтер құнының он бес пайызынан;

2) акционерлiк инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшiн таза активтер құнының жиырма пайызынан;

3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшiн таза активтер құнының отыз пайызынан аспауға тиiс.

10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайлардың номиналды құны көрсетілген валютамен екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана инвестициялануы мүмкiн.

Инвестициялық пай қорының пайлары бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сай болуға тиіс:

1) осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты үлестес болып табылмауға тиіс;

2) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс.

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 37-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576