Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II



Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөнiндегi органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiн жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

2) заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;

3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi;

4) метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет;

5) метрологиялық қызмет - қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған субъектiлер жиынтығы;

6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегiмен тәжiрибелiк жолмен физикалық шама мәнiн табу;

7) өлшем бiрлiгi - нәтижелерi заңдастырылған шама бiрлiктерiнде көрсетiлген және өлшем қателiгi берiлген ықтималдықпен белгiленген шектегi өлшемнiң жай-күйi;

8) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын объектiлердiң, мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi - өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердi, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тiркеудi есепке алу құжаты;

10) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу талаптары мен тәртiбiн айқындайтын өзге де нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар;

11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;

12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бiрен-саран данада шығарылған немесе әкелiнген өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);

13) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргiзу құқығына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталған мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң маманы;

14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы;

15) өлшем құралдарын тексеру әдiстемесi - орындалуы өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн айқындауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар мен ережелердiң жиынтығы;

16) өлшем құралы - өлшем жүргiзуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;

17) өлшем құралын калибрлеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шын мәндерiн айқындау мақсатында осы өлшем құралының көмегiмен алынған шаманың мәнi мен эталонның көмегімен айқындалған шаманың тиiстi мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;

18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;

19) өлшемдердi орындау әдiстемесi - орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы;

20) өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау - өлшемдердi орындау әдiстемесiнiң оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу (растау);

20-1) пайдалануға беру – өлшем құралдарын арналған мақсаттарда бірінше рет қолдану;

21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудiң нәтижелерiн салыстыру;

22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

23) шама бiрлiгi - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берiлген белгiленген мөлшердiң физикалық шамасы;

24) шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталоны - уәкiлеттi органның шешiмiмен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бiрлiгiнiң эталоны;

25) шама бiрлiгiнiң эталоны - уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен бекiтiлген, мөлшерiн осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бiрлiгiн (шама бiрлiгiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгеріс енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II