Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы
28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері



Ст. 28-1 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II



Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;

4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

 Ескерту. 5-тарау 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны
үшін жауаптылық және дауларды шешу
 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...27 28 28-1 29 30 31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-1-бап Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II