Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы
5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару



Ст. 5 Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II



1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган:

1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады; 

2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;

3) мемлекеттiк шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi;

3-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi;

5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарының сыныптамасын белгiлейдi;

6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;

8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртiбiн белгiлейдi, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады;

9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

10) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;

11) метрология жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады;

11-1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады;

 13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

14) өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi;

15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртiбiн белгiлейдi;

16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртiбiн айқындайды;

17) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 62-IV Заңымен.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.06.09 N 558, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
мемлекеттік жүйесі

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II