Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау



Ст. 17 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мемлекеттің əскери ұйымының проблемаларын жан-жақты зерттеуге, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру міндеттерін ғылыми əдістермен шешуге, тəжірибелік-конструкторлық, оның ішінде қосарланған мақсаттағы жұмыстарды орындауға, сондай-ақ ұлттық əскери-ғылыми əлеуетті дамытуға бағытталған. 

2. Қазақстан Республикасының ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады. 

3. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін Қорғаныс министрлігі айқындайды. 

4. Əскери, əскери-ғылыми кадрларды даярлау жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының əскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелдік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР
МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР


Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...34 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29