Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар



Ст. 26 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29



1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:

1) Қарулы Күштерді қолдану жоспарын әзірлеуге қатысады; 

2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;  

3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;  

4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;  

5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нұсқауларын орындайды; 

6) Қарулы Күштермен бiрге жедел және жұмылдыру даярлығына тартылады.  

3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.

 Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29