Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қоғамдық кеңестер туралы
21-бап. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі



Ст. 21 Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ




1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.

2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.

5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.

7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

8. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:

1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;

2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.


Статья 1 ...19 20 21 22 23 24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ