Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қоғамдық кеңестер туралы
3-бап. Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері



Ст. 3 Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ



1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

2. Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ