Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қоғамдық кеңестер туралы
9-бап. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі



Ст. 9 Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ




1. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

2. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.

3. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.

4. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

5. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы мемлекеттік органның шешімімен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

6. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібінің өзге де мәселелері мемлекеттік органның басшысы немесе жергілікті өкілді орган бекітетін Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ