Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық



Ст. 5 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ




1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке:

1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде аударымдарда және (немесе) жарналарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кемінде екі ай өздеріне аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған;

2) оқу аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы өткенге дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алған;

3) осы Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтардың құқығы бар.

2. Төлеушілердің қатысу өтілінде үзіліс болған жағдайда оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету сақтандыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

3. Қорға аударымдары және (немесе) жарналары түспеген не қорға жарналар төлемеген азаматтарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

6-бап 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 13.11.2015 № 405-V Заңымен.


Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ