Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртiбi

Ст. 16 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей Қорға әлеуметтiк аударымдарды төлейдi. 

2. алынып тасталды. 

2-1. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді. 

3. Әлеуметтiк аударымдар қолма-қол нысансыз жүзеге асырылатын төлеу күнi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан әлеуметтiк аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күн болып, қолма-қол нысанда жүзеге асырылатын төлеу күнi төлеушiнiң банкке әлеуметтiк аударымдарды енгiзген кезiнен бастап есептеледi.  

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...35

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405