Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы
36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары



Ст. 36 Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ



1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.  

2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.  

3. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ