Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы



Ст. 17-1 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422



1. Селекциялық жетiстiкке басымдық берiлген күнге дейiн автордан тәуелсiз жасалған селекциялық жетiстiкке ұқсас өсiмдiк сортын немесе жануар тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемiн кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы (бұрынғыша пайдалану құқығы) сақталады.

Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсiмдiк сорты немесе жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.

2. Басымдық берiлген күннен кейiн, бiрақ патент беру туралы мәлiметтер жарияланған күнге дейiн селекциялық жетiстiктi пайдалануды бастаған тұлға патент иесiнiң талабы бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға мiндеттi. Бiрақ, мұндай тұлға патент иесiне осы пайдаланудың нәтижесiнде келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi емес.

Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану

Статья 1 ...16 17 17-1 18 19 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-1-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422