Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама



Ст. 8 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422



1. Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi.

Өтінім берушінің селекциялық жетістіктің мәнін өзгертпей, өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылауларды осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін енгізуге құқығы бар.

Көрсетілген өзгерістер өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген кезде төлем алынбайды.

Қорғау құжатын алу құқығын басқаға беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістер немесе өтінім берушінің атауын өзгерту, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателерді түзету тиісті төлем төленген кезде Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркелген селекциялық жетістік туралы мәліметтер енгізілген күнге дейін жүргізілуі мүмкін.

Сараптама ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, өтінім беруші оларды сұрау салу жөнелтілген күннен бастап екі ай мерзімде ұсынуға міндетті.

2. Сортқа, тұқымға жасалған өтiнiмге келiп түскен, өтiнiмнiң алғашқы материалдарында келтірілмеген белгілері бар және өтінім берiлген сорттың, тұқымның мәнiн өзгертетiн қосымша материалдар өтінiм қаралған кезде назарға алынбайды.

3. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтінім беруші он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауал-сұрақтарының көшiрмелерi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.

4. Егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны одан әрi қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтiнiш берушiге бiр ай мерзiмде хабарланады.

5. Өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi шешiмдi алған күннен бастап екi ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Шағым кеңесi қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс.

Шағым кеңесi шешiмiне өтiнiш берушi ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағымдануы мүмкiн.

6. Алдын ала жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер өтiнiм түскен күннен бастап 18 ай өткеннен кейiн бюллетеньде жарияланады. Өтiнiш берушiнiң өтiнуi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын аталған мерзiмнен бұрын да жариялай алады.

7. Сорттың, тұқымның авторы өтінім материалдарында өз есiмiнiң жариялануынан бас тартуға құқылы.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422