Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
9-бап. Селекциялық жетiстiктiң уақытша құқықтық қорғалуы



Ст. 9 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422




1. Қорғауға өтiнiм жасалған селекциялық жетiстiкке өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап патент берiлген күнге дейін уақытша құқықтық қорғау белгiленеді.

2. Патент иесi патент алғаннан кейiн селекциялық жетiстiктi уақытша құқықтық қорғау кезеңiнде осы Заңның 14-бабының 1-тармағында аталған әрекеттерді өтініш берушінің рұқсатынсыз жасаған адамнан өтем алуға құқығы бар.

3. Селекциялық жетiстiктi уақытша құқықтық қорғау кезеңiнде өтiнiш берушiге тек ғылыми мақсаттарда және сату мен өзгедей беру селекциялық жетiстiкке құқықты өзгедей беруге немесе ұрықты, асыл тұқымдық материалды олардың қорын құру мақсатымен өтiнiш берушiнiң тапсырысы бойынша өндiруге байланысты болған жағдайларда ғана ұрықты, асыл тұқымдық материалды сатуға және өзгедей беруге рұқсат етiлген.

Аталған талаптарды өтiнiш берушi немесе оның келiсiмiмен басқа адам бұзған жағдайда уақытша құқықтық қорғау болған жоқ деп есептеледi.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422