Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия



Ст. 11-1 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593



1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны тек қана мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады. 

1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту мен балық өсіру материалын және олардан өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде өткізу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке жатады. 

2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы. 

3. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуге тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге тиіс. 

4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау


Статья 1 ...10 11 11-1 12 13 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-1-бап Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593