Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жедел-iздестiру қызметi туралы
5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау



Ст. 5 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі



1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, сот өзiнiң дәлелдi шешімімен, ал прокурор - ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.

 4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.

Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.

5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады.

 Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.

Барлау және қарсы барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік актілерде белгіленеді.

 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2010.05.27 № 279-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 
2 бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдар, олардың мiндеттерi мен
құқықтары

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі