Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жедел-iздестiру қызметi туралы

Жедел-iздестiру қызметi туралы
7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi



Ст. 7 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі



Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;

а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

 б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;

б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;

б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы сот актілерін орындауға;

в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;

г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;

 д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.03.16 N 163, 2009.07.17 N 187-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі