Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану



Ст. 15-3 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710



1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда: 

1) азаматтарға және күзетілетін адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін; 

2) ұлттық қауіпсіздік органдары күзететін ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға басқа да объектілер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшін, сол сияқты оларды басып алған жағдайларда осы объектілер мен құралдарды азат ету үшін; 

3) қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін;  

4) заңсыз қару, оқ-дәрі, жарылғыш, улы және радиоактивті заттары бар адамдарды қарусыздандыру үшін; 

5) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілеріне, олардың отбасыларының мүшелерiне не күзет іс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшін; 

6) құқық бұзушыларды, ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе құқық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне немесе қызметкерлеріне өздерiне жүктелген қызметтік мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететін немесе қасақана кедергі келтіретін адамдарды ұстау үшін; 

7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергі келтіретін адамдарға қатысты; 

8) кепілге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетілетін адамдар мен объектілердің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншігіне қол сұғатын жаппай тәртіпсіздіктің, топтық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін; 

9) егер басқа тәсілдермен күзетілетін адамдар үшін нақты қауіпті тойтару мүмкін болмаса, жүргізушісі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінiң немесе әскери қызметшісінің тоқтау туралы талабын орындамаған көлік құралын тоқтату үшін; 

10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында қолдануға құқылы. 

2. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінiң немесе әскери қызметшілерінің, азаматтар мен күзетілетін адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетілетін адамға қарата, сондай-ақ жүктілік белгілері анық білінетін әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетін адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады. 

3. Ұлттық қауіпсіздік органдары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Ескерту. 15-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...15-1 15-2 15-3 15-4 16 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-3-бап Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710