Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары



Ст. 22 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V



1. Тұрғын үйге мұқтаж ішкі істер органдарының қызметкері және оның отбасы мүшелері ішкі істер органдарында қызмет өткерген кезеңге тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының тұрғын үйге мұқтаж қызметкеріне тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төленеді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу тәртібін, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған ішкі істер органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметтен шығарылған және күнтiзбелiк есеппен жиырма және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар және мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйді өтеусiз жекешелендіріп алуға құқығы бар.

3. Асыраушысынан айырылған ішкі істер органдары қызметкерінің отбасын басқа тұрғын үй берілгенше өздері тұратын қызметтік тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйден шығаруға болмайды.

4. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйін өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар.

Ескерту. Осы тарауда ішкі істер органдары қызметкерлерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), екеуінің немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы); балалар (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедек балалар (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедек болған мүгедек балалары; қызметкердің асырап-бағуындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.

Осы тарауда ішкі істер органдары қызметкерінің асырап-бағуындағы адамдар деп оның табысы есебінен өмір сүретін және дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады. 
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...20 21 22 23 24 25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V