Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
42-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi



Ст. 42 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi:

1) мемлекеттік табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажеттi шарты ретiнде қорық iсi идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;

2) экологиялық мәдениеттi қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргiзу үшiн мұражайлар, экспозициялар, көрсетiлiм жасау учаскелерi және басқа да объектiлер құрылуы мүмкiн.

3. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектiлердi қамтымайтын арнайы бөлiнген учаскелерде уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен реттелмелi экологиялық туризм өткiзу үшiн экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол берiледi.

4. Мемлекеттiк табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.

 Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...40 41 42 43 43‑1 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 42-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175