Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау



Ст. 16 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427




1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi.

Өтiнiм электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрiнде берiлуi мүмкiн. 

2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм қазақ немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары қазақ, орыс тілдерінде немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымына басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.  

3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн үшiншi тұлғалардың өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс.

Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2007.03.02 N 237, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427