Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
18-бап. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм



Ст. 18 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



1. Пайдалы модельге патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм) бiр пайдалы модельге немесе байланыстылығы бiр өнертапқыштық ойды құрайтын пайдалы модельдер тобына (пайдалы модельдер бiрлiгiнiң талабы) қатысты болуға тиiс.  

2. Пайдалы модельге өтiнiмде:

1) пайдалы модель авторлары және атына патент сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген патент беру туралы өтiнiш;  

2) пайдалы модельдi оның жүзеге асырылуы үшiн жеткiлiктi, толық ашатын сипаттамасы;  

3) оның мәнiн бiлдiретiн, сипаттамаға толық негiзделген пайдалы модельдiң формуласы;  

4) сызбалар;  

5) реферат;  

6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзген жағдайда - сенiмхат болуға тиiс.

Пайдалы модельге өтiнiмге өтiнiм беруге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат пен оның мөлшерiн азайтуға негiздеменi растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауға тиiс.

Белгiленген мерзiмде төлемдер туралы құжаттар тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.  

3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн өтінім берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе толық атауы көрсетіле отырып, пайдалы модельге патент беру туралы өтінішті, сипаттама мен сызбаларды қамтитын өтiнiм сараптама ұйымына келіп түскен күні бойынша, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы келіп түскен күн бойынша белгiленедi.  

4. Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгілейді.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2007.03.02 N 237, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427