Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
29-бап. Қорғау құжатына дау айту



Ст. 29 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427




1. Қорғау құжатына бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде оны беруге қарсы қарсылық бойынша мынадай жағдайларда:  

1) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi осы Заңда белгiленген патент қабiлеттілiгi талаптарына сәйкес келмесе;  

2) өнертабыстың, пайдалы модельдiң формуласында немесе өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерi жиынтығында өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер болса;  

3) қорғау құжаты өтiнiм берушiнiң осы Заңның 37-бабының ережелерiн бұзуы жағдайында берiлсе;  

4) қорғау құжатында авторы (авторлары) немесе патент иеленуші дұрыс көрсетiлмесе дау айтылуы және толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкін.  

2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қорғау құжатын беруге қарсылық уәкiлеттi органға берiледi. Қарсылық оның түскен күнiнен бастап алты ай мерзiмде шағым кеңесiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген тұлға патент иеленушiнi қарсылықпен таныстыруға мiндеттi.

Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.


Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427