Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
32-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері



Ст. 32-1 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427



1. Егер:

1) қарсылық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;

2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;

3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және көрсетілген мерзiмдi ұзарту мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;

4) өтiнiш берушi қарсылықты беруді ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты қарауға қабылдаудан бас тартылады.

Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама жiберiледi.

Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының шешiмі жарияланғанға дейiн қайтарып алуы мүмкін.

 Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...31 32 32-1 32-2 33 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-1-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427