Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
33-бап. Дауларды сот тәртiбiмен қарау



Ст. 33 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427




1. Мынадай даулар:  

1) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне авторлық туралы;  

2) қорғау құжатының дұрыс берiлуi туралы;  

3) патент иеленушiнi анықтау туралы;  

4) күштеп лицензия беру туралы;  

5) патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы;  

6) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензиялық шарттардың жасалуы мен орындалуы туралы;  

7) алдыңғы және соңынан пайдалану құқығы туралы;  

8) жұмыс берушiнiң осы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес авторға сыйақы төлеуi туралы;  

9) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;  

10) құқық қорғауға байланысты қорғау құжатынан туындайтын басқа да даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс. 

 РҚАО-ның ескертпесі!

33-бапты 1-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

2. Сот шешiмi негiзiнде сараптама жасау ұйымы қорғау құжаттарына қатысты өзгерiстер туралы мәлiметтердiң жарияланымын жүргiзедi.

Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.


Статья 1 ...32-1 32-2 33 34 35 ...38 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427