Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі



Ст. 157 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, тексерiлетiн субъект бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа шағым жасауға құқылы. 

2. Тексерiлетiн субъект мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың қылмыстық iстi тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 

3-параграф. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылау


Статья 1 ...155 156 157 158 159 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 157-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ