Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
250-бап. Технологиялық парк



Ст. 250 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты немесе дербес білім беру ұйымы құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын, бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) болып табылады. 

2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдау, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер көрсетуді бiлдiретiн технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай көрсетілетін қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

Статья 1 ...248 249 250 251 252 ...324 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 250-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ