Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
320-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық



Ст. 320 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

2. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады. 

3. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

4. Өзінің заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалу салдарынан кәсіпкерлік субъектісі шеккен барлық залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.

Статья 1 ...318 319 320 321 322 ...324 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 320-бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ