Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 79-4 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
79-4-бап. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

1. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді. 

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді, атап айтқанда: 

1) дара кәсіпкердің атауын не заңды тұлғаның атауы мен тіркелген күнін; 

2) сәйкестендіру нөмірін; 

3) заңды мекенжайын (тұрған жерін); 

4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілу күнін; 

5) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің санатын қамтитын электрондық дерекқор әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі болып табылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей бекітеді. 

Көрсетілген мәліметтерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған мәліметтерді ескере отырып, осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл сайын жаңартып отырады. 

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган арнаулы комиссияның қарау қорытындылары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынған мәліметтердің негізінде күнтізбелік тоқсанның 1-күні тізілімге жаңа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін енгізуге құқылы. 

Арнаулы комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері кіреді. 

2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін орналастырады. 

3. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 79-4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Статья 1 ...79‑2 79‑3 79‑4 80 81 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться