Ст. 179 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
179-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу: 1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе одан шығу фактісі шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;
8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттама ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.
2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
2) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;
3) алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
4) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;
5) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-параграф. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация
іс сапарға шығу қанша километрден бастап есептеледі
ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?
Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.
Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?
Читать еще раз
Постановление Правительства 121 13.02.2023 О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Постановление Правительства 105 09.02.2023 О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011 Вопросы Министерства национальной экономики Республи... ҚР Әлеуметтік Кодексі 152-бап. Құпиялылық Постановление Правительства 130 15.02.2023 О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 267 О некоторых вопросах акционерного общества Фонд национальног... Постановление Правительства 113 10.02.2023 О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 502 Об утверждении Правил разработки проекта республиканско...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей