Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 263 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
263-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.  

2. Осы Кодекстің 226-бабы 13-тармағының күші осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 

3. Мыналар: 

1) осы Кодекстің 17-бабы 1-тармағының 23), 24), 25), 26) тармақшалары, 78-бабы 2-тармағының төртінші және бесінші бөліктері, 85-бабы 1-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері, 113-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 181-бабының 3-тармағы, 240-бабының 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері, 243-бабының 5) тармақшасы, 244-бабының 2-тармағы, 245-бабының 4-тармағы, 246-бабының 4-тармағы, 248-бабы 9-тармағының 7) тармақшасы, 249-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады; 

2) осы Кодекстің 35-бабы 2-тармағының 24) және 25) тармақшалары, 226-бабы 4) тармағының үшінші және төртінші абзацтары, 5-тармағы, 227-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшалары 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі; 

3) осы Кодекстің 138-бабының 5) тармақшасы, 142-бабының 2-тармағы, 156-бабы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі; 

4) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 53) тармақшасы 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін. 

4. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап: 

1) 40-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:  

"5. Агенттер: 

1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге; 

2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Кодекстің 255-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті."; 

2) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:  

"1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде қызметі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 213-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатыла тұрған дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі болған кезде көрсетіледі.". 

3) 228-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты туралы мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.". 

5. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:  

1) 120-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"3. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін уәкілетті мемлекеттік орган статистика саласындағы мемлекеттік орган есептейтін халықтың медианалық кірісі негізінде мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты орташа есеппен жан басына шаққандағы пайыздық мәнде айқындайды."; 

2) 135-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған конкурстарға, стратегиялық әріптестікті іске асыруға Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа, гранттарға және сыйлықақыларға қатысуға;"; 

3) 136-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"136-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі 

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың тіркелімі – әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер ретінде тіркелген ұйымдардың электрондық тізбесі. 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі – әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың электрондық тізімі. 

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ұйымдар мен мамандарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық нысанда есепке алу үшін қалыптастырылады. 

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімінде қамтылған мәліметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен мамандардың келісімімен жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады."; 

4) 139-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) тұрғылықты жері бойынша Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға келісетіні туралы хабарлама жіберіледі.  

Проактивті қызмет арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды ресімдеуге жүгінген күн осы қызметті көрсетуге құжаттарды ресімдеуге келісім алған күн болып саналады."; 

6. 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап: 

1) 1-баптың 1-тармағының 75) және 79) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"75) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;"; 

"79) ең төмен зейнетақы мөлшері – осы Кодекстің 205-бабында көрсетілген адамдар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері;"; 

2) 202-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"3. Қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұрып жатқан және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдері: 

1) егер осы нормаға сәйкес есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінен төмен болса, осы Кодекстің 210-бабының 6-тармағында көзделген көлемде; 

2) осы Кодекстің 210-бабына сәйкес есептелген, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінен кем емес көлемде жүргізіледі. 

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.  

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды."; 

3) 210-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"5. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін талап етілетін еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғаяды, бірақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін кірістің 75 пайызынан аспайды. 

Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшері толық көлемде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері жасына байланысты зейнетақының ең төмен мөлшерінде тағайындалады."; 

4) 216-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұрып жатқан және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Кодекстің 213-бабына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жасына байланысты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде жүргізіледі. 

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі. 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады."; 

5) 220-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жасына байланысты ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда бір рет төленеді.  

7. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың:  

1) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының; 

2) "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының; 

3) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының; 

4) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының; 

5) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының; 

6) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының; 

7) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының; 

8) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының; 

9) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының; 

10) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын. 


Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Статья 1 ...261 262 263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться