Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
13-бап. Сотталғандардың ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету



Ст. 13 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Сотталғандарға ар-ұждан және діни сенім бостандығы құқығына кепілдік беріледі. 

2. Діни жораларды орындау ерікті болып табылады. 

3. Діни жораларды орындау кезінде жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ішкі тәртіптеме қағидалары сақталады. Сотталғандардың осы Кодексте көзделген өздерінің міндеттерін орындаудан бас тартуына түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзумен ұштасатын әрекеттерге жол берілмейді. 

4. Сотталғандардың немесе олардың туыстарының өтінуі бойынша салт-ғұрыптарды атқару қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметшілері шақырылады. 

5. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі діни жораларды орындау үшін жағдай жасайды, сондай-ақ дін қызметшілері жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында ғибадат үйлерін (құрылыстарын) салуға тыйым салынады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V