Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату



Ст. 37 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері оның жұмыс істеу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ:

1) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;

2) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

3) оның кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестік таратылған;

4) оның кандидатурасын ұсынған қоғамдық бірлестік кері шақырып алған;

5) осы Кодекстің ережелері бұзылған;

6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

7) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

8) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

9) қоғамдық байқау комиссиясының жұмысына үш ай бойы қатыспаған;

10) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

2. Комиссия төрағасы жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жоғары тұрған аумақтық органына үш жұмыс күні ішінде қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылғаны туралы хабар береді.

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 37-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V