Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары



Ст. 53 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Түзеу жұмыстарына сотталған адам:

1) осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауға;

2) айына бір рет пробация қызметіне профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келуге;

3) пробация қызметіне жұмыс орнының және (немесе) тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жазбаша хабар беруге міндетті.

2. Сотталған адамның пробация қызметіне белгіленген мерзімде келмеуіне шақыртуды уақтылы алмауы, сондай-ақ ауыруы және оны шақырту бойынша уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын, құжаттамамен расталған басқа да мән-жайлар дәлелді себептер деп танылады.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V