Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары



Ст. 66 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V




1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген сотталған адам: 

1) сот жүктеген міндеттерді орындауға; 

2) пробация қызметінің талаптарын орындауға; 

3) пробация қызметінің ұсынуы бойынша сот айқындаған жерлерге бармауға; 

4) пробация қызметін хабардар етпей тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын ауыстырмауға; 

5) пробация қызметін хабардар етпей әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге кетпеуге; 

6) пробация қызметіне белгіленген күндері тіркелу және өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін келіп тұруға міндетті. Келмеуінің дәлелді жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген; 

7) жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті. 

2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандар жазасын өтеу орны бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы. Пробация қызметінің келісімімен сотталған адам оқу орны тұрған жердегі пробация қызметіне міндетті түрде есепке қойылып, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерде орналасқан оқу орындарында білім алуға құқылы.


Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...177 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 66-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V