Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
91-бап. Сотталғандардың орнын ауыстыру



Ст. 91 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V



1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады. 

2. Сотталғандардың айдауылмен орнын ауыстыру ұстау қағидалары сақтала отырып: ерлер – әйелдерден, кәмелетке толмағандар – ересектерден; өлiм жазасына кесiлгендер – басқа санаттағы сотталғандардан жеке; бiр қылмыстық iс бойынша өтетін тергеудегі сотталғандар – бөлек; туберкулезбен ауыратындар немесе жыныстық жолмен берілетін инфекциядан емделудiң толық курсын өтпегендер, психикалық ауытқулары бар науқастар – өзара бөлек және денi саулардан жеке, қажет болған кезде, дәрiгердiң қорытындысы бойынша – медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады. 

3. Сотталғандардың айдауылмен орны ауыстырылған кезде олар қажетті тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi. 

4. Сотталғандардың орнын ауыстырған кезде мекеме (жөнелтуші орган) оларды маусым бойынша киіммен, аяқкиіммен, сондай-ақ сотталғандарға жол жүрудің барлық кезеңіне белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етеді. 

5. Сотталғандардың орнын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

6. Сотталған адамды жазасын өтеу орнына жiберу немесе басқа мекемеге ауыстыру кезiнде ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшасы сотталған адам жiберiлген не ауыстырылған мекеменің ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады. 

7. Уәкілетті лауазымды адамдар сотталғандардың орнын ауыстырған кезде құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданады.

Статья 1 ...89 90 91 92 93 ...177 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 91-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V