Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
115-бап. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнің айғақтары

Ст. 115 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары – олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген тәртiппен жауап алуда жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлаған мәлiметтері. 

2. Күдіктi өзiне қарсы күдік жөнiнде, сол сияқты өзiне белгiлi, iс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. 

3. Күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсін мойындауы оның кінәлі екендігі іс бойынша қолда бар дәлелдемелер жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін. 

4. Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелденуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ оның күдіктімен, басқа жәбiрленушiлермен, куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi өзiнің хабардар болған көзiн көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлiметтер дәлелдеме бола алмайды. 

5. Куәдан iске қатысты кез келген мән-жайлар туралы, оның iшiнде күдіктінің, жәбiрленушiнiң жеке басы мен өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер куә өзiнің хабардар болу көзiн көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлiметтер дәлелдеме бола алмайды. Куә ретiнде жауап алынуға жатпайтын адамдардың хабарлары дәлелдеме болып табылмайды. 

6. Күдіктінің жеке басын сипаттайтын деректер туралы айғақтар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды және олар жаза тағайындауға немесе жазадан босатуға байланысты мәселелердi шешу үшiн ғана дәлелдемелер ретiнде пайдаланылады. 

7. Жауап алу кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртiппен қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе қайталап айтуға қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болып табылмайды. 

8. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға құпия негізде жәрдем көрсететін адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамның келісімімен одан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. 

Қылмыстық топқа ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін не жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. 

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...113 114 115 116 117 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 115-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V