Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 131 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi

1. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді. 

Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн бiлмесе не ұстап алу кезінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйде не психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтарын түсiндiру одан күдiктi ретiнде жауап алу басталғанға дейiн тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгi жасалады. 

2. Анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші осы Кодекстің 129-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұстап алу хаттамасын жасайды. Күдіктінің жалпы денсаулық жағдайын және дене зақымдануының бар-жоғын анықтау үшін ол осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен куәландырылуға жатады. 

Ұстап алу хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі: 

1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 

2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып); 

3) күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер; 

4) жеке тінту нәтижелері; 

5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер; 

6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны. 

Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды. 

Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі. 

3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жүргізілген ұстап алу туралы прокурорға ұстап алу хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. 

4. Мынадай: 

1) аса ауыр ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 

2) террористік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 

3) жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 

4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу; 

5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне алып келген қасақана қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде; 

6) жердің шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тергеу судьясына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетін жағдайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бойынша – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін. 

Ескерту. 131-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...129 130 131 132 133 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 131-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V