Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
259-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға нәрселер мен құжаттарды оларға иелік ететін адамдардың бастамасы бойынша беру

Ст. 259 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Тараптар, сондай-ақ өзге де адамдар, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға өздерінің пікірі бойынша іс үшін маңызы болуы мүмкін нәрселерді және құжаттарды беруге құқылы. 

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 220-бабының қағидалары бойынша берілген нәрсені, құжатты қарап-тексеруді жүргізуге және егер нәрсенің немесе құжаттың іс үшін маңызы бар немесе одан әрі маңызы болуы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, оны қабылдауға міндетті. Осы іс үшін маңызы болмаса да, бірақ айналымнан алып қойылған нәрселер де, құжаттар да қабылдап алынуға тиіс. 

Іс үшін маңызы жоқ және айналымнан алынбаған нәрсе, құжат берілген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені, құжатты қарап тексергеннен кейін тиесілігі бойынша дереу қайтарады.
Статья 1 ...257 258 259 260 261 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 259-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V