Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
266-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлерді алуы



Ст. 266 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган үлгi алынуға тиiстi адамды, сондай-ақ одан үлгіні алу туралы қаулыны дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Дәрiгерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселенi қаулы шығарған орган шешедi. 

2. Дәрiгер немесе басқа маман қажеттi әрекеттерді жүргізеді және сарапшылық зерттеу үшін үлгiлер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін. Үлгiлер қапталып, мөрленеді, үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады және қылмыстық процесті жүргізетін органға жiберiледi. 

3. Егер жануарлардан зерттеу үшін үлгілерді алу қажеттігі туындаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны ветеринарға немесе басқа маманға жібереді.

Статья 1 ...264 265 266 267 268 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 266-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V