Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 348-1 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер

Басты сот талқылауының қысқаша хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен және қысқаша хаттамасымен танысуға, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы. 

Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулерді қарау осы Кодекстің 349-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады. 

Ескерту. 42-тарау 348-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...347‑1 348 348‑1 349 350 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 348-1-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V