Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау

Ст. 349 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасына ескертулердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол ескерту берген адамдарды нақтылау үшiн шақыртуға құқылы. 

2. Ескертулердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы уәждi қаулы шығарады, бұл шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды, мұнымен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi. 

Ескерту. 349-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

43-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІГІ

Статья 1 ...348 348‑1 349 350 351 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 349-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V