Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу



Ст. 142 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Адамның жеке өмiрi туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
 
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, сол сияқты нақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату - бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Статья 1 ...140 141 142 143 144 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 142-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы