Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi келтiру



Ст. 155 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергi келтiру - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
 
2. Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет - екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 

Статья 1 ...153 154 155 156 157 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 155-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы