Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 157 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
157-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

1. Ереуiлге қатысуға немесе заңды ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу – 

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған не күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...155 156 157 158 159 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 157-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V