Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi



Ст. 204 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттiк органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының не өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 204-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...202-1 203 204 205 206 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 204-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы