Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату



Ст. 206 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен мәнеттерiн, мемлекеттiк бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Нақ сол әрекеттер:
 
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
 
б) бiрнеше рет;
 
в) iрi мөлшерде жасалса, -
 
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер - мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.08. N 210 Заңымен.

Статья 1 ...204 205 206 207 208 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 206-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы